“Интер” Чемпиондар лигасы финалына қалай жолдама алды. Бейнешолу

“Интер” Чемпиондар лигасы финалына қалай жолдама алды. Бейнешолу
Футбол

Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында “Интер” қарсыласы “Миланды” 1:0 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Матчтағы жалғыз голды 74-минутта Лаутаро Мартинес соқты.

Бірінші ойында “Интер” 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Осылайша, команда жалпы 3:0 есебімен Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды.