“Интер” Чемпиондар лигасы финалында өнер көрсетеді

“Интер” Чемпиондар лигасы финалында өнер көрсетеді
Футбол

Чемпиондар лигасы жартылай финалында “Интер” мен “Милан” клубтары арачындағы қарымта матч өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Интер” өз алаңында “Миланды” қабылдап, Лаутаро Мартинестің соққан голының арқачында жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз гол ойынның 74-минутында соғылды. 

Ал командалар арасындағы бірінші ойын 2:0 есебімен “Интер” пайдасына аяқталған. Осылайша, “Интер” жалпы 3:0 есебімен Чемпиондар лигасы финалына шықты.

Ал ол финалда “Реал” - “Манчестер Сити” жұбы жеңімпазына қарсы ойнайды. 

Чемпиондар лигасы финалының екінші қатысушысы бүгін, 17 мамыр күні анықталады. Мадридтік “Реал” мен “Манчестер Сити” арасындағы бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталған.

Чемпиондар лигасы биылғы маусымының финалы 10 маусым күні өтеді деп жоспарланып отыр.