Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ-ге қатысатын ұлттық құраманың тізімі анықталды

Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ-ге қатысатын ұлттық құраманың тізімі анықталды
Хоккей

ҰОК

6-12 желтоқсан аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін IA дивизионындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Бұл тізімге төменде көрсетілген хоккейшілер кірді. 

Қақпашылар: Леонид Кравцов, Артемий Пермяков (екеуі де - «Барыс» ЖХК), Кирилл Мыльников, Дмитрий Ряшин (екеуі де – «Снежные барсы»), Рахымбек Рахымжан («Скрэнтон Найтс», NCDC);

Қорғаушылар: Дамир Бритиков («Барыс»), Артем Гасников, Санжар Ибрагим, Никита Ломако, Расул Турсынов, Дархан Хафаров, Спартак Чукреев (барлығы - «Снежные барсы»), Мажит Имашев («Бостон Рейнджерс», NCDC), Святослав Евплов («Спартак» ЖХК), Руслан Түсіпбеков («Номад»);

Шабуылшылар: Владислав Ануфриев, Таир Бигаринов, Егор Баланчик, Илья Громов, Аристарх Киреев, Михаил Коленко, Егор Кравченко, Тимур Миндубаев, Айтуар Нұржанов, Жахангер Тілеухан, Матвей Умеренков (барлығы - «Снежные барсы»), Артур Глухих («Торпедо»), Корней Корнеев («Блейнвиль-Буазбрианд Армада»), Русланбек Карим («Коннектикут Чифс»), Бексұлтан Мақыш («Флинт Файрбердс», OHL), Әлішер Сәркенов («Принс-Альберт Рейдерз», WHL), Александр Симахин («Номад»).

Ұлттық құрама В тобында өнер көрсетеді. Сондай-ақ бұл топта Словения, Украина және Дания бар. 

Айта кетейік, қазақстандық хоккейшілер алғашқы ойынын 6 желтоқсанда Словенияға қарсы өткізеді.