Нариман Курбанов Мәскеудегі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Нариман Курбанов Мәскеудегі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Басқа

ҰОК

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Нариман Курбанов Ресей астанасы Мәскеуде ұйымдастырылған халықаралық турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Өзінің негізгі сайыс түрі – ат снарядындағы жаттығуда отандасымыз төрешілердің шешімімен 15,066 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты.

Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

• 1-орын: Нариман Курбанов (Қазақстан) – 15,066 ұпай;

• 2-орын: Ранель Сафиуллин (Ресей) – 14,300 ұпай;

• 3-орын: Даниел Маринов (Ресей) – 13,866 ұпай.

Осылайша, қазақстандық гимнаст ресейлік спортшыларды айқын басымдықпен артта қалдырып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.