Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Өзбекстанды жеңді

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Өзбекстанды жеңді
Басқа

ҰОК

Алматыда гандболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Топтық кезеңнің үшінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан 32:29 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Осылайша, ұлттық құрама чемпионаттағы үш кездесуінің барлығында жеңіске жетті. Бұған дейін В тобында отандастарымыз Аустралия мен Үндістан құрамаларын ұтқан болатын. Топтық кезеңдегі соңғы ойында қазақстандық гандболшылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі. 

Айта кетейік, бұл доданың қорытындысы бойынша үздік төрт команда 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алады.