Хоккейден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы Қытайдан басым түсті

Хоккейден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы Қытайдан басым түсті
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Чонджу қаласындағы Азия чемпионатында екінші ойынын Қытайға қарсы өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Кездесу барысында қарсыластар алғашқы кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде отандастарымыз жауапсыз екі гол соқса, үшінші кезеңде тағы үш мәрте көзге түсті. 

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. Бұл — олардың құрлықтық бәсекедегі екінші жеңісі. Олар бұдан бұрын Жапонияны 3:2 есебімен қапы қалдырды.