«Қайрат» өз алаңында «Мьельбюді» жеңіп, плей-офф аймағына көтерілді
Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің төртінші турында швециялық «Мьельбю» клубын қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл нәтиже алматылық ұжымның еурокубоктердің негізгі кезеңіндегі тұңғыш жеңісі ретінде клуб тарихына енді.
Алматының Орталық стадионында өткен кездесуде польшалық Павел Рачковский бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.
Ойынның тағдырын шешкен жалғыз гол бірінші таймда соғылды. 14-минутта Марк Гуальдің пасынан кейін Еркін Тапалов мергендік танытып, командасын есепте алға шығарды. Кездесудің қалған бөлігінде қонақтар есепті теңестіруге барын салғанымен, қақпашы Темірлан Анарбеков жеті бірдей сейв жасап, қақпасын аман алып қалды. Осылайша, Анарбеков матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Осы тарихи жеңістің арқасында «Қайрат» төрт турдан кейін 5 ұпай жинап (1 жеңіс, 2 тең ойын, 1 жеңіліс), жалпы турнир кестесінде 15-орынға – плей-офф аймағына көтерілді.
Айта кетейік, алматылықтар Конференция лигасындағы келесі ойынын 10 желтоқсан күні өз алаңында румыниялық «Университатя» (Крайова) командасына қарсы өткізеді.