«Қайрат» – «Мьельбю» ойынын қайдан көруге болады
«Қайрат» ФК
Алматылық «Қайрат» 26 қараша күні УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші тур аясында швециялық «Мьельбю» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу Алматы қаласында өтіп, Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Үш турдың қорытындысы бойынша «Мьельбю» жеті ұпай жинап, әлі жеңіліс тапқан жоқ. Ал «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар. Өткен турда алматылық клуб сырт алаңда италиялық «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті. Швециялық команда өз алаңында босниялық «Борацты» 2:0 есебімен жеңді. Қазіргі таңда «Қайрат» Конференция лигасының турнирлік кестесінде 27-орында тұр. Алматылықтар жеңіске жеткен жағдайда бес ұпай жинап, плей-офф аймағына жақындай түседі. «Қайраттың» алдағы матчтары:
26 қараша – «Қайрат» – «Мьельбю»;
10 желтоқсан – «Қайрат» – «Университатя»;
17 желтоқсан – «Твенте» – «Қайрат».
Айта кетейік, жалпы кезеңде алғашқы сегіз орын алған командалар тікелей 1/8 финалға жолдама алады. Ал 9-24-орындардағы клубтар плей-оффтың өтпелі кезеңінде бақ сынайды.