«Барыс» өз айдынында «Северсталь» командасын жеңді

«Барыс» өз айдынында «Северсталь» командасын жеңді
Хоккей

Виктор Федюнин / Kazinform

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын 25 қарашада елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Кездесу барысында екі команда жеңіске жетуге бар күшін салды. Соған қарамастан бірінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. 

Екінші кезеңде қазақстандық команда екі мәрте көзге түссе, оған ресейлік клуб бір голмен жауап қайырды. Шешуші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.