Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Хоккей
ҰОК
Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтіп жатқан хоккейден Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы ойынында қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 7 қарашада Қытайға қарсы өткізеді. Ал 8 қарашада алаң иелері Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.