Ресейлік футбол комментаторы Әліптің трансферіне қатысты ойын білдірді

Ресейлік футбол комментаторы Әліптің трансферіне қатысты ойын білдірді
Футбол

Белгілі ресейлік футбол комментаторы Геннадий Орлов қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліптің "Зенит" футбол клубымен толыққанды келісімшартқа отыруына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

“Біз Азияға өтетін сияқтымыз. 23 желтоқсанда атқарушы комитеттің отырысында осы мәселе қаралады. Мүмкін ол бізді азия футболымен байланыстыру үшін керек шығар. Азияда болатынымызға сенемін. Өйткені осы мәселе төңірегінде жағдай сондай болып отыр”, - деді Орлов “Такой футбол” бағдарламасында. 

14 желтоқсанда “Зенит” қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліппен “2,5+1” жүйесі бойынша келісімшарттың жасалғандығын жариялан еді.