Әлем чемпионаты: Оралбайдың айы оңынан туды

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль иегері атанды.
Аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездесті. “Алыптар айқасы" атанған тартысты жекпе-жекте Айбек өзін сенімді көрсетті. Ол қорғаныста қырағылық танытып, шабуылда белсенді қимылдады.
Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсіп, алғашқы рет әлем чемпионы атанды. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының жетінші алтыны болып тіркелді. Бұған дейін Санжар Ташкенбай, Махмұд Сабырхан, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан және Наталья Богданова чемпион атанған еді.
Айбек Оралбайдың жеңісі Қазақстан боксының абыройын асқақтатып қана қоймай, ұлттық құраманың тарихи жетістіктер қатарына енді.