Алуа Балқыбекова екі дүркін әлем чемпионы атанды

Алуа Балқыбекова екі дүркін әлем чемпионы атанды
Бокс

KBF

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінде Алуа Балқыбекова жеңіс ке жетті

50 келі салмақта өнер көрсететін бұрымды боксшымыз финалдық кезеңде түркиялық Буси Наз Чакыроглумен кездесті. Нәтижесінде, қазақ қызы төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Айта кетелік, отандасымыз бұған дейін жаһандық бәсекенің қола, күміс, алтын жүлдесін де жұлып алған.