Төрехан Сабырхан — әлем чемпионы атанды

Бокс
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Төрехан Сабырхан топ жарды, деп хабарлайды Bassport.kz.
70 келі салмақта финалдық жекпе-жекте ол жапониялық Севон Оказавамен кездесті. Қазақ боксшысы шаршы алаңда сенімді өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Бұл жеңіс Төрехан үшін ерекше тарихи сәт болды. Бар-жоғы 19 жастағы спортшы ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында атой салып, алтын медаль иегері атанды.
Сонымен қатар, ол ағасы Махмұд Сабырханның жолын жалғап, Қазақстан қоржынына кезекті алтынды сыйлады.