Аида Әбікеева — екі дүркін әлем чемпионы атанды

Аида Әбікеева — екі дүркін әлем чемпионы атанды
Бокс

KBF

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Аида Әбікеева алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Финалда 65 келі салмақтағы шешуші жекпе-жекте Әбікеева Өзбекстан өкілі Навбахор Хамидовамен күш сынасты. Қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. 

Осылайша, Аида Әбікеева екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізіп, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль салды.