Тоқаев: «Қазақ боксының мерейі әрдайым үстем болсын!»

Бокс
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатындағы қазақстандық спортшылардың тарихи жетістігімен құттықтады.
– «Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!», – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды. Оның екеуі қола, біреуі күміс және жетеуі алтын. Осылайша, ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.