Алтыншы алтын! Наталья Богданова – әлем чемпионы

Бокс
KBF
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында топ жарды.
70 келі салмақ дәрежесінде финалдық бәсекеге шыққан отандасымыз аустралиялық Лекейша Перголитимен күш сынасты. Ақтық сында Богданова өзіне тән сенімділікті көрсетті. Барлық бес төреші де жеңісті бір ауыздан қазақстандық спортшының пайдасына жазды – 5:0.
Осылайша, Наталья алғаш рет әлем чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алтыншы алтын медальді салды. Бұл жеңіс қазақстандық бокс тарихында ерекше орын алады.
Бұған дейін әлемдік додаларда ерлер құрамасы жиі жеңіске жетіп жүргенімен, әйелдер боксында да ел спортшыларының қарқыны артып келеді.