«Динамо» – «Спартак» матчынан кейін Зайнутдиновтың қатесі талқыланды

Футбол
Мәскеудің «Динамо» клубының бұрынғы бас бапкері Андрей Кобелев Ресей премьер-лигасының 8-турында «Спартакқа» қарсы өткен (2:2) ойынды қорытындылап, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың ойындағы қатесіне баға берді, деп хабарлайды Bassport.kz Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.
— Бұл матчтан әсеріңіз қандай? Жақсы сәттер көп болды ма, әлде қателіктер басым ба?
— Әрине, кейбір эпизодтар ұнады. Бірақ жалпы алғанда ойын өте ауыр өтті. Әуе доптары мен соқтығыстар көп болды, ешкім тәуекелге барғысы келмеді. Тек соңғы 10–15 минутта ғана ашық ойын көрдік. Ал негізінен қарапайым қателіктер тым көп болды. Мұндай деңгейдегі футболшылар ондайға жол бермеуі тиіс.
— «Спартактың» алғашқы голы сізді таңғалдырды ма?
— Иә, таңғалдырды. Шынымды айтсам, ондай сәт қалай орын алғанын түсінбедім. Егер жоғары мақсат қойсаң, ондай қателікке жол бермеуің керек.
— Бұл тек Зайнутдиновтың қатесі ме, әлде қақпашы Лунев те кінәлі болды ма?
— Олардың бір-бірімен сөйлескенін білмеймін. Бірақ бірінші болып допқа жеткен — Зайнутдинов еді. Ол жерде жай ғана қарсыласын денесімен жауып, допты қақпашыға өткізе салса жеткілікті еді. Немесе соңына дейін жүгіріп барып, допты біржола алыстату қажет болатын. Ал секіріп, жартылай әрекет жасаудың пайдасы болмады.
— Сонымен қатар «Динамо» қақпасына соғылған екінші гол да көп сұрақ тудырады. Дегенмен «Спартактың» қорғанысы да мінсіз емес екенінде тілге тиек етпеске болмайды.
Айта кетелік, бұл кездесуден кейін «Динамо» 8 матчтан кейін 13 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орында тұр.