Чемпиондар лигасы: «Қайратқа» қарсыластың әлсіз жері белгілі болды

Футбол
Бельгиялық журналист әрі VTM Nieuws жүргізушісі Ярно Берто «Брюгге» клубының мықты және әлсіз жақтарын атап өтті. Дәл осы командамен «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 7-турында кездеседі, деп хабарлайды Bassport.kz ASNews.kz (BorodAbata.kz) сайтына сілтеме жасап
«„Брюгге“-нің артықшылығы тек гол соғу мүмкіндігін пайдалануында емес, құрамының үлкен-кіші демей тепе-теңдігінде. Мұнда мансабын аяқтауға жақын тәжірибелі ойыншылар да, Еуропаның үздік клубтарына ұмтылып жүрген жас таланттар да бар. Хайеннің бір жарым жылдық жұмысын алып қарасаңыз, оның үш ойынды анық сәтсіз өткізгенін табу қиын.
Ал әлсіз тұсы қандай? „Брюгге“ тым түсінікті әрі болжамды болып барады: әрдайым комбинация жасап, шабуылға шығады және ешқашан қорғанысқа жабылып ойнамайды. Олар тең ойынға дайындықпен шықпайды. Сондықтан қарсылас мұқият дайындалып, тактикалық саңылауларды тапса, бельгиялықтар үшін жақсы болмайды», – деді Берто.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы матч 20 қаңтарда Алматыда өтеді. Бұл уақытта қаладағы ауа температурасы −5°C пен −15°C аралығында болуы мүмкін. Ал Батыс Фландрияда көрсеткіш әдетте нөлден төмен түспейді.