«Ордабасы» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңіп, чемпиондыққа жақындады
«Ордабасы» ФК
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында маңызды жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Команда сырт алаңда «Ақтөбені» 3:1 есебімен ұтып, чемпиондық атаққа тағы бір қадам жақындады.
«Ордабасы» «Ақтөбені» жеңіп, чемпиондық атаққа бір табан жақындады
Фото: «Ордабасы» ФК баспасөз қызметі
17 қазанда Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өткен 23-турдың кейінге шегерілген кездесуінде алаң иелері бірінші болып есеп ашты.
Матчтың 21-минутында ганалық шабуылшы Даниэль Соса мергендігімен көзге түсіп, «Ақтөбені» алға шығарды. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.
Алайда екінші таймда «Ордабасы» ойын тізгінін өз қолына алды. 47-минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Лео Натель айып добын дәл орындап, есепті теңестірді. Араға алты минут салып, 53-минутта қорғаушы Сергей Малый баспен гол соғып, шымкенттіктерді алға шығарды.
Ал 77-минутта француз жартылай қорғаушысы Тидиан Кейта үшінші голды соғып, кездесудің соңғы нүктесін қойды.