«Барыс» түзде «Сибирь» командасынан басым түсті
Хоккей
«Барыс» ХК
«Барыс» сырт алаңдағы ойындар сериясын «Сибирь» командасын жеңумен бастады, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Кездесу 1:0 есебімен астаналық команданың пайдасына аяқталды. Матчтағы жалғыз шайбаның авторы Мэйсон Морелли атанды.
Енді елордалық команданы Қиыр Шығыста өтетін кездесулер күтіп тұр.