Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Ригамен» тең түсті

Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Ригамен» тең түсті
Футбол

«Қайрат» ФК

«Қайрат» Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчын тең ойынмен бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Латвия астанасындағы «Сконто» стадионында өткен бірінші тур кездесуінде алматылық клуб «Ригамен» 1:1 есебімен ұпай бөлісті.

Ойынның басты оқиғалары алғашқы таймда-ақ өрбіді. Кездесудің 5-минутында-ақ алматылықтар сапынан Марк Гуаль пенальтиді cәтті орындап, есеп ашқан болатын. Алайда, араға жеті минут салып алаң иелері сапынан Салах Улад гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.

Бірінші таймның ортасында латвиялық клуб есепте алға шығуға тамаша мүмкіндік алды, бірақ «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Мухаммед Бадамоси тепкен пенальтиді қайтарды.

Екінші таймда қос ұжым қанша тырысқанымен, қақпаларға гол соғылған жоқ. Осылайша, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері сырт алаңнан 1 ұпаймен қайтты.