«Қайрат» футбол клубы Конференция лигасына қатысатын ойыншылар тізімін бекітті

«Қайрат» футбол клубы Конференция лигасына қатысатын ойыншылар тізімін бекітті
Футбол

«Қайрат» футбол клубы

Алматылық «Қайрат» футбол клубы UEFA Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы жалпы кезеңіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің тізіміне 24 футболшы енді. 

Команда құрамына қақпашылар (Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмырза, Бақтияр Алдашев), қорғаушылар (Луиш Мата, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Александр Мартынович, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Адлан Нұрғалиев, Лукас Африко, Данияр Ташпулатов), жартылай қорғаушылар (Әділет Садыбеков, Олжас Байбек, Яакко Оксанен, Азамат Тұяқбаев, Ойва Юккола, Густаву Мендонса, Мұхамедәлі Әбіш) және шабуылшылар (Эдмилсон, Мансұр Бірқұрманов, Марк Гуаль, Исмаил Бекболат) енді. 

Алматылық клуб турнирдегі алғашқы матчын 15 қазанда сырт алаңда Латвияның «Рига» ұжымына қарсы өткізеді.