Кукушкин Алматыдағы ATP 250 турнирінен соң спорттық мансабын аяқтайды

Кукушкин Алматыдағы ATP 250 турнирінен соң спорттық мансабын аяқтайды
Теннис

ҚТФ

Алматы қаласы үшінші жыл қатарынан катардағы ерекше беделді Almaty Open-2026 (ATP 250) халықаралық теннис турнирін қабылдауға дайын, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Алматы Арена» мұз кешенінің жабық корттарында өтетін бұл доданың іріктеу кезеңдері 17–18 қазан күндері басталады, ал негізгі кезең ойындары 19–24 қазан аралығына жоспарланған. Жарыстың бас жүлдесі сарапқа түсетін финалдық бәсеке 25 қазанда өтеді. Турнирдің басты жаңалығы – 38 жастағы қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин осы Алматыдағы жарыстан кейін кәсіби спорттық мансабын ресми түрде аяқтайтынын жариялады. Үлкен кортпен қоштасу турнирінде отандық көрермендер оған ерекше қолдау көрсетпек. Ел намысын негізгі кезеңде Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғаса, Бейбіт Жұқаев пен Тимофей Скатов іріктеу сынына арнайы шақырту (wildcard) алды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион доллардан асады. Жекелей сында топ жарған чемпион 163 570 доллар мен 250 АТР рейтингілік ұпайын қанжығасына байлайды. Алматы корттарында әлемдік деңгейдегі танымал теннисшілер бақ сынайды. Олардың арасында Даниил Медведев (2025 жылғы чемпион), Карен Хачанов (2024 жылғы чемпион), Адриан Маннарино (2023 жылғы тұңғыш чемпион), Стефанос Циципас, Андрей Рублёв, Фрэнсис Тиафо, Марин Чилич, Лучано Дардери, Томас Мартин Этчеверри секілді теннисшілер бар.