«Барыс» түзде «Сибирь» командасымен кездеседі

«Барыс» түзде «Сибирь» командасымен кездеседі
Хоккей

«Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Кездесу Қазақстан уақытымен 15:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 15 ойыннан кейін 18 ұпаймен 8-орында тұрса, «Сибирь» 16 ойыннан кейін 15 ұпаймен 15-орынға жайғасқан. Елордалық команда кейінгі алты ойынның төртеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб та алты кездесудің төртеуінде қарсыластарын қапы қалдырды. Екі команда арасындағы соңғы бес ойынның біреуінде елордалық клуб жеңіске жетті.