«Олимпиада күнінде туған» акциясы Қазақстан бойынша алтыншы рет өтуде

«Олимпиада күнінде туған» акциясы Қазақстан бойынша алтыншы рет өтуде
Басқа

Фото: Olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиада күніне орай «Олимпиада күнінде туған» акциясын алтыншы рет ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Дәстүр бойынша 23 маусым күні дүниеге келген әрбір сәби арнайы сыйлықтарға ие болады. Жаңа туған нәрестелерге құттықтау хаттары мен «Olympian is born» жазуы бар естелік киім жиынтықтары табысталады. Жоба ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Биыл Астанада сәбилерге арналған сыйлық жиынтықтарын шорт-тректен әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жүлдегері Абзал Әжіғалиев пен бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова арнайы дайындап, қаптады.

Акция Олимпиада күнінің алғашқы минуттарынан басталып, Қазақстанның барлық өңірін қамтыды. Оны жүзеге асыруға 234 медициналық мекеме қатысуда. Олардың қатарында облыс орталықтарындағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы перзентханалар бар.

Біз үшін бұл мерекені ең басты құндылық – өсіп келе жатқан ұрпаққа деген қамқорлықпен толықтыру маңызды. Осы айтулы күні жас отбасыларға жылулық пен көңіл бөлгіміз келеді. Алғашқы символикалық сыйлықтар әрбір сәби үшін жарқын әрі табысты өмір жолының бастауы болсын. Оларға зор денсаулық пен үлкен жетістіктер тілейміз.

Акция 23 маусым күні түнгі сағат 00:00-де аяқталады.

Айта кетейік, Қазақстан ҰОК жаңа туған нәрестелерді алғаш рет 2020 жылы ерекше құттықтаған болатын. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазпошта» АҚ қолдауымен өткізіледі.