Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлады Bassport.kz. 

Отандасымыз жартылай финалда әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері, алаң иесі әзірбайжандық Зелим Цкаевпен кездесіп, есе жіберді. Осыған дейінгі айналымдарда Абылайхан Жұбаназар аустралиялық Кэйсин Отиді, әзірбайжандық Вусал Галандарзадені және ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, оңтүстіккореялық Ли Джун Хванды айқын басымдықпен жеңген болатын.

Енді ол үшінші орын үшін өтетін шешуші белдесуде тағы бір әзірбайжандық балуан Омар Раджаблимен күш сынасады.

Финалдық блок бүгін, 7 қазанда Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.