Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Молдовадан жеңілді

Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Молдовадан жеңілді
Футбол

ҚФФ

Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО іріктеу кезеңін өз тобында соңғы орынмен аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сайтына сілтеме жасап. 

Іріктеу кезеңінің соңғы матчында Владимир Чебуриннің шәкірттері Молдова құрамасындағы құрдастарына 2:3 есебімен есе жіберді. Қазақстан құрамасы сапында Сейф Попов пен Мирас Оматай гол соқты. 

Айта кетейік, Мирас Оматай мен Сұлтан Асқаров алаңнан қуылғаннан кейін Қазақстан құрамасы матчты тоғыз ойыншымен аяқтады.