Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында өнер көрсетеді

Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында өнер көрсетеді
Қысқы спорт

ҰОК

Ертең, 8 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы халықаралық турнирі басталады. Қазақстан атынан жарысқа 9 спортшы қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Әйелдер арасындағы жекелей сында Софья Самоделкина, Амина Алексеева, Амира Ирматова, Алика Халимова, Зере Сарбалина және Нұрия Сүлеймен бақ сынайды. Мұздағы биде Қазақстан намысын Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев қорғайды.

Айта кетейік, турнир 11 қазанда аяқталады.