Шорт-тректен әлем кубогы кезеңдеріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Қысқы спорт
olympic.kz
Қазақстан конькишілер одағы 2026/2027 маусымындағы Әлем кубогының бірінші және екінші кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған тізімге Глеб Ивченко, Богдан Вехов, Айбек Нассен, Айбек Темірхан, Тамирлан Жолдас, Мақсат Уалиулла, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Гүлдана Жалмұқан, Полина Омельчук кірді.
Айта кетейік, Әлем кубогының бірінші кезеңі 23–25 қазан аралығында Ванкуверде, ал екінші кезеңі 30 қазан – 1 қараша аралығында Монреальда (Канада) өтеді.