Жапонияда Азия ойындарының жабылу рәсімі өтті
ҰОК
Жапонияның Нагоя қаласындағы «Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium» стадионында XX Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Дүбірлі доданың жабылу рәсімінде Қазақстанның Мемлекеттік туын көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионы, 16 жасар Ақмарал Ерекешева алып шықты.
Биылғы құрлықтық додаға Азияның 45 елінен 11 мыңға жуық спортшы қатысып, 469 медальдар жиынтығын сарапқа салды.
Бұл бәсекеде Қазақстан намысын 35 спорт түрінен 558 атлет қорғады. Отандастарымыз жарыс қорытындысы бойынша 84 медаль (12 алтын, 24 күміс және 48 қола) еншілеп, жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады.
Енді келесі жазғы Азия ойындары 2030 жылдың қараша айында Доха қаласында (Қатар) жалауын желбіретеді.