Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыстарын аяқтады
ҰОК
Қазақстан құрамасы Аичи мен Нагояда (Жапония) өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыстарын аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Ұлттық құрама сапынан соңғы болып ат спортының өкілдері сынға түсті. 4 қазанда биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілерден өту бағдарламасы бойынша жекелей конкурдың А санатындағы финалдық жарысының екінші кезеңі өтті. Олег Соколенко Cinderella атты атпен өнер көрсетіп, жарысты 14-орынмен аяқтады.
Ал Quibelle Van D’Abelendreef атты атқа мінген Нұрила Тұрысбекова екінші кезеңде белгіленген бағытты толық жүріп өте алмады. Жарыс қорытындысы бойынша Qapella атты атпен өнер көрсеткен Қатар өкілі Фалех Аладжами жеңімпаз атанды.БАӘ шабандозы Абдулла Альмхейри Hudson de Vains атты атпен екінші орын алса, Сауд Арабиясының спортшысы Халед Альмобти Diana du Plevau Z атты атпен үздік үштікті түйіндеді. Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар.