«Барыстың» бұрынғы ойыншысы Кайл Колдер өмірден өтті
Хоккей
Астаналық «Барыс» клубының бұрынғы шабуылшысы Кайл Колдер 47 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қайғылы хабарды Ұлттық хоккей лигасының (NHL) ресми сайты жариялады. Канадалық хоккейші 15 маусым күні көз жұмған.
Кайл Колдер «Барыс» сапында 2010/11 жылғы маусымда өнер көрсетті. Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында ол 13 матчқа қатысып, 8 (3 гол және 5 нәтижелі пас) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңіндегі үш кездесуде бір нәтижелі пас авторы атанған.
Кәсіби мансабында Колдер Ұлттық хоккей лигасының бірнеше клубында ойнады. Атап айтқанда, ол «Чикаго Блэкхокс», «Филадельфия Флайерз», «Детройт Ред Уингз», «Лос-Анджелес Кингз» және «Анахайм Дакс» командаларының намысын қорғады.