Әбу-Дабидегі Grand Slam: Талғат Орынбасар қола жүлде үшін өткен белдесуде Елдос Сметовті жеңді
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалдық кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Талғат 60 келі салмақтың қола жүлдесі үшін отандасы Елдос Сметовпен күш сынасты.
Белдесудің қорытындысы бойынша Талғат Орынбасар жеңіске жетіп, қола жүлдеге ие болды. Ал Елдос Сметов жарысты бесінші орынмен аяқтады.