«Барыс» cырт айдында «Амурға» есе жіберді
Хоккей
«Барыс» хоккей клубы
«Барыс» хоккей клубы түздегі ойындар сериясы аясында «Амурға» 2:5 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстандық команданың сапында Аңсар Шайхмедденов пен Джастин Бейли көзге түсті. Ал, айдын иелерінен Ярослав Лихачев шабуылда белсенді ойнап, үш шайба соқты. Сондай-ақ «Амур» сапынан Олег Ли мен Кирилл Петьков астаналық қақпашы қорғаған қақпаны дәл көздеді.
Айта кетейік, енді елордалықтар сырт алаңдағы үшінші кездесуін «Адмиралға» қарсы өткізеді.