Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Мажарстандағы турнирге қатысады

Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Мажарстандағы турнирге қатысады
Теннис

Sport+

29 қазан мен 1 қараша аралығында Венгрияның ең көне қалаларының бірі, біздің заманымызға дейінгі 45 жылы негізі қаланған Сомбатхейде үстел теннисінен «WTT Youth Contender Szombathely» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сайтына сілтеме жасап. 

Жарысқа әлемнің 35 елінен келген спортшылар қатысып, 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі санаттарда өзара мықтыны анықтайды. Аталған турнирде Қазақстан намысын келесі спортшылар қорғайды: Жания Бекмұхамбетова Дулат Ералхан Игітәлі Сұлтанмұратов Бақдәулет Сауырбай Кирилл Берников Дағыр Данияров Арайлым Сапабек Мансұр Сүйіндік Николай Чернозубов Арсен Асатулла Медина Амандық Жеңіс Жастілек Әнел Ақатаева Арлан Ахметов Томирис Рамазан