«Барыс» бүгін Ресейде «Автомобилистпен» кім мықтыны анықтайды

«Барыс» бүгін Ресейде «Автомобилистпен» кім мықтыны анықтайды
Хоккей

«Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 26 қазанда Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 18 ойыннан кейін 21 ұпаймен он бірінші орында тұрса, «Автомобилист» 18 ойыннан кейін 15 ұпаймен он бесінші орынға жайғасқан. Елордалық команда соңғы алты ойынның үшеуінде жеңіске жетсе, ресейлік клуб алты кездесудің үшеуінде қарсыластарын қапы қалдырды. Екі команда арасындағы соңғы бес ойынның үшеуінде елордалық клуб жеңіске жетті.