Болат Сақаев күрестен әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Болат Сақаев күрестен әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстандық балуан Болат Сақаев Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз Испания өкілі Габриэль Иглесиаспен кездесті. Нәтижесінде Болат қарсыласын 4:0 есебімен жеңді. Осылайша, Болат Сақаев келесі айналымға өтті.