Рыбакина жарақатына байланысты Токиодағы турнирді жалғастырудан бас тартты
Теннис
ҚТФ
Қазақстанның әрі әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің ширек финалына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз канадалық Лейла Фернандеспен ойнауы тиіс еді, бірақ бұл шешімнен кейін Фернандес кортқа шықпастан жартылай финалға жолдама алды.
Енді ол финал үшін өзбекстандық Камилла Рахимовамен шеберлік байқасады.