Ризабек Аймұхан жаңа салмаққа ауысуы мүмкін

Ризабек Аймұхан жаңа салмаққа ауысуы мүмкін
Жекпе-жек

United World Wrestling

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан жаңа салмаққа ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның жеке бапкері Дархан Бейсенов Астанадағы сәтсіздіктің себебін түсіндіріп, балуанның алдағы уақытта аса ауыр салмаққа ауысу жоспары мен құрамадағы спарринг-серіктестер тапшылығы туралы ағынан жарылды. Ол балуанның алғашқы айналымда Абдулрашид Садулаевқа есе жіберуін сәтсіз жеребемен байланыстырды. Сонымен қатар бапкер желідегі сынға жауап беріп, қазіргі таңда спортшыға құр сөз емес, нақты мықты спарринг-серіктестер мен халықаралық жиындарға бару үшін қаржылай қолдау қажет екенін ашық жеткізді.