Рыбакина Токиодағы турнирде Путинцевадан басым түсті
Теннис
ҰОК
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
1/8 финалда ол отандасы Юлия Путинцевамен кездесіп, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Енді Рыбакина ширек финалда канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.