Евсеев Аугсбург челленджер турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
ҚТФ
Қазақстандық теннисші, әлемнің 444-ракеткасы Денис Евсеев Аугсбург (Германия) челленджер турнирі іріктеу сайысының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Д.Евсеев іріктеу сайысының жартылай финалында әлемдік рейтингіде 699-орындағы босниялық Мирза Башичпен бетпе-бет келді.
Матч 6:2, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Небәрі 54 минутқа созылған бәсекеде Евсеев 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Башич 5 эйстен аса алмады.
Денис Евсеев іріктеудің финалында әлемнің 576-ракеткасы, ресейлік Святослав Гулинмен кездеседі. Оны жеңген жағдайда негізгі жарысқа шығады.
Аугсбург додасының жүлде қоры — 56,7 мың еуро. Жеңімпаз 8 550 еуроға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болады.