Рыбакина Торонто турнирінде жапониялық теннисшіні жеңді

Рыбакина Торонто турнирінде жапониялық теннисшіні жеңді
Теннис

ҰОК

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Торонто (Канада) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстандық теннисші ширек финалда кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазіргі кезде 13-орында тұрған, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, жапониялық Наоми Осакаға тап келді. 

Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. Бірінші партия 6:4 есебімен жапониялық теннисшінің пайдасына шешілді. Екіншісінде Елена Рыбакина тай-брейкте есе қайырды — 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасап, өз геймін алды — 5:3. Содан кейін матчты эйспен түйіндеді — 6:4. 

Екі сағат 34 минутқа созылған аса тартысты бәсекеде Рыбакина 14 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Осака 3 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.  

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен таласады. Оның жартылай финалдағы қарсыласы, рейтингіде 14-сатыдағы швейцариялық Белинда Бенчич матчқа қатысудан бас тартты. 

Қазақстандық теннисші өткен жылы да жартылай финалға дейін жеткен еді.