Әділжан Жаудинов дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Әділжан Жаудинов дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Финалда Әділжан Ресей өкілі Абдулманаф Рамазановтан басым түсті. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар.

Бұған дейін Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) мен Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) чемпион атанған еді. Ал Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль иеленді. Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.