Рыбакина Торонто турнирінің финалына жолдама алды

Рыбакина Торонто турнирінің финалына жолдама алды
Теннис

ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 (National Bank Open) турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Жартылай финалда әлемдік рейтингіде екінші орында тұрған Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффты жеңді. Матч үш сетке созылып, 5:7, 6:2, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. 

2 сағат 2 минутқа созылған матчта Елена 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Рыбакина осы турнирде қатарынан үшінші рет бірінші сетте жеңіліп жатып, камбэк жасау арқылы жеңіске жетіп отыр (бұған дейін Людмила Самсонова мен Наоми Осаканы да осылай жеңген болатын).

Енді ол бас жүлде үшін әлемнің жетінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Свёнтекпен кездеседі. Шешуші матч 14 тамыз күніне жоспарланған. 

Айта кетейік, бұл - Рыбакинаның 2026 жылғы маусымдағы төртінші WTA 1000 финалдық бәсекесі. Ол биыл хард корттарында 26 рет жеңіске жетіп, керемет нәтиже көрсетіп келеді.