Волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Аустралияны жеңді
volleyfederationkz Instagram парақшасынан
Қытайдың Тяньцзинь қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандықтар В тобындағы екінші ойынында Аустралиямен шеберлік байқасты. Кеше Индонезияға 0:3 есебімен есе жіберген Асқар Шалқыбековтің шәкірттері бүгін сәтті ойнады. Бірінші партияда 25:21 есебі тіркелсе, одан кейінгі екі сетті де қазақстандықтар жеңіспен аяқтай білді – 25:18, 25:21. Қорытынды есеп – 3:0, Қазақстанның пайдасында.
Осылайша, үш ұпайға ие болған Қазақстан құрамасы 25 тамызда топтағы қорытынды кездесуін Азия чемпионы Таиландпен өткізеді.
Үш топтағы бәсекелер нәтижесі бойынша сегіз үздік команда ширек финалға жолдама алады.