Әлем чемпионаты: Нұрасыл Асамбек қола жүлдеге қол жеткізді

Әлем чемпионаты: Нұрасыл Асамбек қола жүлдеге қол жеткізді
Жекпе-жек

ҰОК

Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлем біріншілігі аясында Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде өзбекстандық Улугбек Рашидовты айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ Бейбарыс Ерғали 92 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде АҚШ өкілі Джеймс Мастниге жол берді.

Айта кетейік, бұған дейін Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс медальға ие болған еді.