Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирде жеңіске жетті
Теннис
ҚТФ
Қазақстан теннис құрамасының өкілі Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өткен W35 санатындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Қытай өкілі Юфей Ренмен ойнады. Екі сетке созылған матч 7:6 (8:6), 7:5 есебімен Соняның жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, бұл Жиенбаеваның World Tennis Tour турнирлеріндегі қатарынан екінші титулы. Бір апта бұрын ол Испанияның Оренсе қаласында өткен W75 санатындағы жарыста жеңімпаз атанған еді.