Бүгін Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында жасыл алаңға шыға ма
Футбол
Burnley FC
Дастан Сәтпаев «Бернлидің» негізгі құрамымен бірге «Вест Бромвичке» қарсы ойынға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Ағылшындық клуб 18 жастағы қазақстандық шабуылшының негізгі командамен бірге жаттығу жиынына қатысқан сәтінен фотосуреттер жариялады.
Чемпионшиптің екінші туры аясындағы «Вест Бромвич» – «Бернли» кездесуі бүгін, 23 тамызда, Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де «Хоторнс» стадионында басталады.
Алғашқы турда «Вест Хэмге» қарсы ойынның өтініміне кірмей қалған Сәтпаев бүгін жаңа клубы сапындағы ресми дебютін өткізуі мүмкін.