Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте Сібірге қарсы өз алаңындағы ойынмен бастайды
Хоккей
Сурет: "Барыс" ХК
ҚХЛ 2026–27 жылдардағы маусымның алғашқы үш ойыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Hcbarys.kz сайтына сілтеме жасап.
Тұрақты чемпионаттың басталуында астаналық «Барысты» өз алаңындағы ойындар сериясы күтуде. Оның аясында елордалық клуб «Сібірмен» (7 қыркүйекте), «Салават Юлаевпен» (9 қыркүйекте) және «Амурмен» (12 қыркүйекте) кездеседі.
19-маусымының толық күнтізбесі 16 маусым, сейсенбі күні таныстырылады.